Шетелден 21 қазақстандық ПТР анықтамасыз ұшып келді

0
146

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 8 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына 28 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы ҚазАқпарат Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

4409 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4394 адам, анықтамасыз 15 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 2429 жолаушы, анықтамамен – 2423, анықтамасыз – 6;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1230 жолаушы, анықтамамен – 1221, анықтамасыз – 9;
Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 487 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 142 жолаушы анықтамамен келген;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 117 жолаушы анықтамамен келген;
Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 4 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 7 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет
Анықтамасыз келген 21 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.