Шетелде жүрген 803 адам Қазақстанға оралды

0
18

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстандық дипломаттардың көмегімен Мысыр, Түркия, Венгрия мен Оманнан 800-ден астам отандасымыз оралды

НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. 22 наурызда 803 отандасымыз шет елдерден Қазақстанға ұшып келді, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің дипломаттары біздің туристерді Шарм эль Шейх — Алматы бағыты бойынша чартерлік рейске отырғызуға қолғабыс көрсетті.

«Scat әуе компаниясы ұйымдастырған чартерлік рейске дипломаттардың күшімен Каир және Александрия  қалаларында уақытша болған азаматтарымыздың ішінен қосымша жолаушылар отырғызылғанын атап өтеміз. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 235 азаматымыз елге оралды», — деді министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ қазақстандық дипломаттар Түркиядан 536 азаматты елге жіберуге көмек көрсеткен.

Бұдан бөлек, 32 азамат Венгрия мен Оман мемлекетінен елге жіберілді.



sputniknews.kz