Шенеуніктердің 2-3 млн жалақысы бұл өте аз – Ғалым Құсайынов

0

Шенеуніктер мен квазимемлекеттік сектор басшыларының жалақысы туралы түрлі мақалалар жиі жарияланады.

Әкімнің, Министрдің немесе ұлттық компания басшысының, шенеуніктердің 2-3 млн теңгені құрайтын жалақысы біз үшін тым көп болып көрінеді. Сол үшін сынға аламыз. Меніңше, бұл өте аз. Неге?

Мен оның себебін түсіндіріп көрейін. Кеңес Одағының кезінен бастап біз биліктегілердің жоғары жалақы алғанын қаламаймыз. Өкінішке орай, мұндай перспективаның салдары жақсы болмайды.

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері. Әр адам тәуекел мен кірісті бағалайды.  Ұзақ мерзімді табыс пен тұрақтылықты жоғалту жұмысынан айырылу мен қылмыстық қудалауға ұшыратады. Алайда жоғары жалақы олардың өзіне деген сенімділігін арттырады. Ал еңбекақының төмен болуы жемқорлыққа әкеп соғуы мүмкін.  Оларды азайту үшін шенеуніктің тұрақтылығы мен табысын сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктеріне қарағанда әлдеқайда жоғары бағалайтындай етіп көбейту керек.

2. Мотивациялық тәуекелдер. Жалақысы төмен және бонустары мен сыйақылары жоқ шенеунік сапалы жұмыс жасауға талпынбайды. Ол өз бизнесін байланыстар арқылы дамытуды көздейді. Әдетте, шенеуніктің жұмыс істеуге деген құлшынысы алты айға дейін жоғары болады. Кейін жаңа кадрлар жоқ екенін және кадрлардың сапасы төмендейтінін ескере отырып, деградация жүреді.

3. Сапалы тәуекелдер. Әрине, уақыт өте келе, төмен жалақы сапалы кадрларды мемлекеттік органдарға баруға деген ниетін жояды. Жас мамандар жеке секторларда жұмыс істеп, шенеуніктер арам ойға кетеді.

4. Жауапкершілік тәуекелі. Қабылданған шешімдер мен жауапкершілік үшін жақсы жалақы төленуі керек.  Егер шенеуніктің жалақысы төмен болса, ол бар қиындықты басқаларға жүктеп, жұмысына деген қызығушылығы төмендейді.

Сондықтан мемлекеттік басқару сапасын арттырудағы алғашқы қадам бонустар мен сыйақысы бар жалақыдан басталады.  Содан кейін сапалы кадрлар пайда болады, жүйе өзгере бастайды.

Ғалым ҚҰСАЙЫНОВ