Шавкат Мирзиеев екінші мерзімге сайлануы мүмкін бе?

0

Өзбекстанда Президент сайлауы басталды, деп хабарлайды kznews.kz сайты reuters.com агенттігіне сілтеме жасап.

Елдегі сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Елде жалпы саны 19 859 127 сайлаушы бар. Сондай-ақ 10 760 сайлау учаскесі дайындалған.

Сарапшылардың пікірінше, Өзбекстанның либералды-демократиялық партиясынан сайлауға түсіп жатқан Шавкат Мирзиеев басты кандидат ретінде саналуда.

Ол 9 қыркүйек күні Ташкентте өткен партия съезінде елде реформа жүргізуге уәде берді. Ал қарсыластары Мирзиеевты бірінші мерзімде айтарлықтай өзгерістерге қол жеткізе алмады деп есептейді.

Еске сала кететіні, Мирзиеев 2016 жылы Каримов қайтыс болғаннан кейін билікке келген. Ол саяси тұтқындарды босатып, басқа мемлекеттермен қарым-қатынасты күшейтті. Алайда елдегі сыншылар Мирзиеевты дамудың көптеген салаларында прогреске қол жеткізе алмады деп айыптайды.

 

Оралбай Мергенбайұлы