8 жасында «КНБ-ге» қызметке алынды (видео)

0
8784

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты теңіз шекара қызметінің жағалау күзетіне 8 жастағы бала қабылданды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады. Телерна қазірдің өзінде Ұлан Тілеухан есімді балақайдың өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып жүргенін айтады.

«Маған теңізшілер, теңіз бен кеме ұнайды. Теңізшілермен кемеде осымен үшінші рет бардым. Теңізші болғысы келетін достарым бар. Оларға менің киімім ұнайды», дейді Ұлан.

Ол кемеде туды көтеру, картаны зерттеу, бақылау жүргізу, уақытты өлшеп отыру  сынды шаруаларды атқарады. Болашағын дәл осы мамандықпен байланыстырған Ұлан қазірдің өзінде теңізшілер мен кеме командирі үшін нағыз көмекші, сенімді серіктеске айналып үлгерген .

Ұланның бұл таңдауына ата-анасы да қарсы емес. Негізінен ҰҚК-іне қарасты шекара қызметінің жағалау қызметі Каспийдің елімізгі тиесілі жағалауындағы ұлттық қауіпсіздікті сақтап, онда браконьерлерден қорғау жұмыстарымен  де айналысады.

Ұланды ҰҚК төрағасының орынбасары, генерал-лейтенант Дархан Ділманов «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісімен де марапаттап үлгеріпті.