Шашқа арналған банан маскасы |
Банан мен бал маскасы
Бұл маска тез және қарпайым дайындалады. Шаштың терең қоректенуіне көмектеседі. Екі бананды езіп, оған 1 шай қасық бал қосамыз. Барлығын блендермен жақсылап араластырамыз (блендер міндетті емес, қасықпен араластырса да болады). Масканы шаштың түбінен бастап ұшына дейін толық жағып, ораймыз. Оны 30 минут ұстаймыз. Содан соң суық сумен шаямыз.
Банан мен йогурт маскасы
Бұл маска майлы шаштарға жақсы әсер етеді. Жақсы піскен екі банан және табиғи йогурт қана керек. Бананды еземіз, оған жарты стақан йогурт құйып, жақсылап араластырамыз. Шашқа жағып, сонымен қатар, бас терісіне массаж жасау қажет. Шашымызды жақсылап орап, 30 минут шамасында ұстаймыз. Суық сумен шайып тастаймыз.
Масканың әсері одан да жақсы болу үшін екі маскаға да алоэден жасалған гель қосуға болады.
Дереккөз: Reactor
http://inform.kz