Иран сыртқы істер министрі қызметінен кетті

0
86
Advertisement

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф қызметінен кететінін мәлімдеді. Оның қызметінен кетуі батыс елдерімен арадағы 2015 жылғы жасалған тарихи келісімге әсер етуі мүмкін.

Instagram желісінде жарияланған жазбада Зариф қызметінен кетуінің себебін түсіндірмеген.

«Қымбатты әрі құрметті Иран халқына соңғы 67 ай үшін үлкен рахмет айтамын. Бұл қызметті әрі қарай жалғастыра алмайтындығым үшін және қызметімдегі олқылықтар үшін шын ниетіммен кешірім сұраймын. Мен Иран халқы мен лауазымды тұлғаларына ризамын», – деп жазады Зариф.

Зариф сыртқы істер министрі болып 2013 жылы тағайындалған. Оның жетекшілігімен төрт жыл бұрын «тарихи келісім» жасалған.

2015 жылы шілдеде Иран мен алты мемлекет – АҚШ, Германия, Қытай, Ұлыбритания, Ресей және Франция арасында қол қойылған келісім бойынша, Тегеран ядролық бағдарламасын шектейтін болса Иранға қарсы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі салған халықаралық санкцияларды және АҚШ пен Еуропа Одағының санкцияларын жұмсарту көзделген.

Дегенмен былтыр АҚШ президенті Дональд Трамп, Вашингтон келісімнен шығатынын Тегеранға қарсы санкцияларды қайта жандандыратынын мәлімдеген. Өзге жақтастары келісімді күшінде қалдыруға тырысып келеді.

Азаттық

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз