«Шарықтап тұрған жоқ»: Отандық әншілердің тойдағы гонорары қанша? — новости Казахстана

0

Отандық әншілер өздерінің тойдағы гонорары жайлы мәлім етті. Олардың арасында тойға барып, тегін ән салатындары да кездеседі. Бұл жайында әншілердің өзі «Астана» арнасындағы «Ел аузында» бағдарламасында айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Абай Бегей, Керімбекова, Әбдіжаппар Әлқожа. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Абай Бегей, Керімбекова, Әбдіжаппар Әлқожа. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Абай Бегей мен Әбдіжаппар Әлқожа, Ақбота Керімбекова тұрақты бағаларының жоқ екенін, той иесінің қалтасы көтергенше төлейтінін жасырмады.

Ал Ақбота Керімбекованы осыдан біраз уақыт бұрын той иесі ақшасын бермей, әуреге салған болатын. Осыған қарамастан әнші тойлардан бас тартпаған.

«Жігіттер» тобын толық шақыруға шамасы келмеген той иелері оларды жеке-жеке де шақырады екен. Топтың әншісі Айдар Тұрғанбек кейде тойға тегін баратынын айтты.

Шығарған әні хитке айналатын Әбдіжаппар Әлқожа қазақтың тойы өзінсіз өтпейтінін айтып мақтанды.

Естеріңізге сала кетейік, отандық эстрада әншілерінің туындыларын біздің «Музыка Нур» қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Дереккөз: kaz.nur.kz