Шарапов Алагөзова туралы: Оның мақсаты — ақша табу не билікке бару

0

Нәзік жандылардың намысын қорғап кино түсіремін деген продюсер халықтан қолдау сұрады. Продюсер авторлық киносын түсіру үшін қаражатқа мұқтаж. Оның әлеуметтік желіде көпке жолдаған үндеуі ғарыштық жылдамдықпен тарауда. Алайда Алагөзованің бастамасына Нұрболхан Шарапов түбегейлі қарсы, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Paparazzi бағдарламасында айтылды.

«Мен ешқашан авторлық кино түсірген емеспін. Енді қолға алдым. Режиссері Асқар Ұзабаев. Біз халықаралық фестивальдарға қатысқымыз келеді. Бұл тақырыпты қазақстандық көрерменге ғана емес, бәріне айтқымыз келеді. Бізде осындай мәселе бар, онымен күресеміз дегегді жеткіземіз», — деді Алагөзова.

Осылайша қос таланттан тұратын тандем тырнақалды туындысы арқылы басты тақырыпты талқылап, филмьнің әлемдік деңгейде тарайтынын қалайтының меңзеді. Алайда мұндай батыл форматтағы дүниені шығару үшін 100 млн теңге қажет.

«Кешелі бері маған ел 120 теңге де аударып жатыр. Кім қалай көмектескісі келсе, солай беріп жатыр. Адамдардың азаматтық позициясы бар екенін қуантады. Қалайда күресуге деген ұмтылысы бар», — деді продюсер.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бағытталған картинаны түсіру үшін шығармашылық ұжым дәл осындай қиындықты бастан өткерген немесе үнсіз өткеріп жүргендердің үндемей қалмауына үндеу жариялады.

«Киноның демеушісі қарапайым қазақтың келіншектері болуы мүмкін. Егер жоспарланған бюджет жиналмай қалса, мен бәрібір ақша іздеймін. Оны табамын. Менің артқа жүретін әдетім жоқ», — деді продюсер.

Бұл өмірден алынған фильм болмақ. Бірақ мұны көпшілік көруге, қабылдап, мойындауға қорқады. Мұны Баян ханым жетік білсе де, ішіндегі таланты мен айтар ойын тұншықтырғысы келмейді.

«Мен бұл фильмді түсіру туралы әбден ойландым. Себебі, мұндай фильмдер ешкімге керек емес. Көпшілік көрмейді. Мұндайға ешкім ақша бермейді. Бұл қайтарылмайтын, ақталмайтын ақша. Мұндайға  мемлекет те ақша бөлмейді. Коммерциялық фильм емес, теледидардан көрсетілмейді», — деді ол.

Жарадан толық құтылу үшін оны емдеу керек. Тура осылай әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылықты көрсету керек дейді Мақсатқызы. Үнсіз отырғысы келмейтін Баянға жүрген жерін шулатып жүретін Нұрболхан Шарапов былай деп үндеу айтты.

«Оның түбінде басқа мақсаты бар. Феминистік ұстаным бар. Еркек пен әйелге теңдікті беріңдер деген секілді. Зорлыққа келісемін, ондай болмау керек. Бірақ бұл фильм ештеңе шешпейді. Бұл тақырып желіде күнделікті айталады. Ол туралы деректі фильмдер де бар. Онымен ешнәрсе шешілмейді. Бұл елдегі проблемаға жаны ашығаннан қолға алынды дегенге де сенбеймін. Ешкімнің қазір басқаға жаны ашымайды. Бұл жай ғана көзбояушылық. Жақсы көріну мақсатында немесе пайда табу мақсатында, билікке бару мақсатында жасалып жатқан жағдай болуы мүмкін», — деді Шарапов.

Бұған дейін Алагөзова халықтан көмек сұрап, қаражат жинай бастағанын хабарлаған едік.