Көмекшісі Қабатовтың әйелінің көлігін мас күйінде жүргізген жерінен ұсталды

0
587

Тұрсынбек Қабатовтың көлігімен адам қағып өлтірген көмекшісі тағы да ұсталды. Бұл жолы ол әзілкештің әйелінің көлігін мінген, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі Көкшатау Азия сайтына сілтеме жасап.

Әзілкештің басы тағы да дауға қалды. Оның көмекшісі бұл жолы Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанованың «Адиллак Эскалэйд» көлігін мас күйінде жүргізгені үшін ұсталды. Сондай-ақ, ол жылдамдықты шектен тыс асырған.

Еске сала кетсек, Тұрсынбек Қабатов кісі өліміне өзінің еш қатысы жоғын айтты. Сол түні оның көлігін көмекшісі жүргізген.

«Ол менің жүргізушім емес. Менде жүргізуші жоқ. Көлігімді өзім жүргіземін. Марқұмның өзі кінәлі екені айтылды. Жолға жүгіріп шыққан екен. Істе осылай айтылды. Марқұмның артынан артық сөйлемей-ақ қояйын. Тұрсынбек бәрін шешіп тастады дегендерге айтарым. Мен ешкімге хабарласқан жоқпын. «Бәрін өзің шеш, мен араласпайын» дедім көмекшіме. Көліктің менікі екені рас. Ол үшін өкініп, кешірім сұраймын», – деді видеода әзілкеш.