«Шал, кет!» деп ұрандаған белсенді үш жылға түрмеге қамалды

0

Қаңтар оқиғасы кезіндегі шеруде «Жаңаөзенді қолдайық! Шал, кет!» деп ұрандатқан белсенді Молдабай Сәдібеков үш жылға түрмеге қамалды.

Азаттық мәліметінше, 6 маусым күні судья Мадияр Әбдірәсілов Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-3 бөлігі («Жаппай тәртіпсіздікке қатысу және шақыру») бойынша айып тағылған шымкенттік белсенді Молдабай Сәдібековті қылмысқа кінәлі деп танып, үш жылға бостандығынан айыруға үкім шығары.

– Тағылған айып өз дәлелін тапты, қылмыс жаппай тәртіпсіздік кезінде жасалған. Бір оқиға екі баппен сараланған соң, «Билік өкіліне күш қолдану» бабын алып тастадық, – деді судья.

Айта кетейік, сот үкімі күшіне енген жоқ, екі тарап апелляция шағымын беруге құқылы. Сәдібеков бейбіт митингіге шыққанын растап, бірақ оның аяғы жаппай тәртіпсіздікке ұласады деп ойламағанын айтты.

– Шал, кет! дедім, Жаңаөзен халқын қолдадым. Оны мойындаймын, – деді ол сот тергеуінде