«Шахтадағы апатқа кінәлі екеніңізді сезесіз бе?»– Қарағанды әкімі не деп жауап берді
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен брифингіде журналистер тарапынан қойылған «Шахтадағы апатқа кінәлі екеніңізді сезесіз бе?» деген сауалға жауап берді.
.«Әрине, моральді және психологиялық жауапкершілікті сезінемін. Мұндай қайғылы оқиға қабырғамызға батты. Бірақ келешекте осындай жағдайдың қайталанбауы үшін қолымыздан келгенін жасаймыз. Маман ретінде мен бұл оқиғаның алдын ала алмадым. Бұл «АМТ» басшылығына қатысты қойылатын сұрақ деп ойлаймын», — деді ол.
ақпарат: Nege.kz
фото: gov.kz