«Әйелі ұйықтап жатыр деп ойлап, ағасымен тамақтанып алған» — Бишімбаевтің ісіне қатысты тың мәліметтер белгілі болды

0

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен жары Салтанат Нүкенованың арасындағы жанжалдың мән-жайы белгілі. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Kozachkov телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның мәліметінше, күдіктінің кінәсі бейнебақылау камерасы арқылы анықталған. Десе де, полиция қызметкерлері алғашқыда аппаратты алғанда, ондағы барлық жазба өшіп кеткенін байқаған. Бірақ криминалисттер оны тез-ақ қалпына келтірген.

Ерлі-зайыпты оқиға болған ресторанға концерттен кейін келген. Мәзірден тапсырыс берген, арасында ішімдік те болған. Олар ұзақ уақыт отырған. Сағат түнгі 3:00-ге жақындағанда ресторан қызметкері оларға такси шақырып беруді ұсынған. Қуандық Бишімбаев кетуден бас тартқан, осыдан кейін әйелімен жанжалдасып, соңы ұруға дейін ұласқан.

Түстен кейінгі уақытта Бишімбаев інісіне қайта жазып, камерадағы бейнежазбалардың бәрін өшіруді тапсырған. Інісі әкімшілікке хабарласып, видеоларды өшірткізген.

Сағат 16:20-да Бишімбаев інісімен тамақтанып алған. Кейін әйелін көріп келуге жұмсаған. Ол әлі де ұйықтап жатқанын айтып, жедел жәрдем шақыруды сұраған. Бишімбаев қарсы болған. Бұл уақытта сағат 16:35 болған. Сағат 16:40-та Бишімбаев інісіне қайта хабарласып, әйелінің тамырын тексеріп көруді сұраған. Сол кезде ғана Салтанаттың көз жұмғанын  түсінген. Жедел жәрдем шақыртып, ол 15 минутта келген. Бұл кезде Бишімбаев әйелінің жанында қобалжып отырған. Жедел жәрдем артынан бірден полиция қызметкерлері келген.

Нүкенованың өліміне алдын ала қойылған диагноз — мидің ісінуі, ол қатты заттың әсерінен бас-ми жарақатынан туындайды.

Қалпына келтірілген бейнежазбадан сағат 7:00-де Бишімбаевтың әйелін қатты ұрып-соғып жатқаны көрінеді.

Фото: ашық ақпарат көздерінен