«Sex» шебері ме, «цех» шебері ме?

0
965

Өзбекстанда «цех» сөзін латынша жазуға қатысты кезекті рет дау шықты. Mahalla телеарнасының репортажындағы титрде кейіпкердің қызметін «Sex Ustasi» деп жазылған. Бұл туралы Podrobno.uz. сайты хабарлады.

Осыдан кейін көпшілік латын қаріпіне негізделген өзбек әліпбиін қайта қарап «Ц» әріпін «ts» деп таңбалау туралы ұсыныстар айтыла бастады. Бұл жағдайға қатысты пікір білдірген Өзбекстанның Әділет министрінің мемлекеттік тіл жөніндегі кеңесшісі Шахноза Соатова мәселенің сауатты жазудан емес, көпшіліктің теріс ойлауынан туындағанын айтты.
«Біріншіден әлгі титрдегі «Sex» сөзін алып қарасақ ол мүлдем басқа мағына беріп тұр. Мұнда ол «цех» деп оқылуы керек екенін жақсы білеміз. Екіншіден біздің куәлігіміздегі «жынысы» сөзінің аудармасы ретінде дәл осы сөз тұр. Оған ешкім күліп жатқан жоқ қой», деді ол.
Министрдің кеңесшісінің айтуынша әлеуметтік желідегі теріс пікірге бола әліпбиді өткізудің қажет жоқ бұл шара мұнда нақты ғылыми негізгі сүйенгені дұрыс.