СЕНІМДІ АҚТАУҒА ТЫРЫСАМЫЗ | «Айқын» газеті

0

Тәуелсіздік – кез келген ұлт үшін зор құндылық, ұрпақ­тан-ұрпаққа аялап тапсырылуы тиіс мирас. Оның құнын өзгелерге қарап түсінеміз. Әлемді аралап жүрміз, шетте жұмыс істедік. Тәуелсіздігі жоқ бірде-бір халық өзін толыққанды сезіне алмайды. Дүниежүзінде қазақтардан, жалпы қазақстандықтардан саны әлдеқайда көп, бірақ тәуелсіз мемлекеті жоқ ұлттар жетерлік.

Біздің қазақ сияқты тарихы терең, ата-бабасының мұрасы мол қаншама халық азаттығына жете алмай, тәуелді күй кешіп жатқан, өзгенің мемлекетін өз елім деп мойындауға мәжбүр болған жағдайы бар. Ал бізде тәуелсіз мемлекетіміз бар.
Барды бағалай білуіміз, осыны естен шығармағанымыз жөн. Бұл – әр қазақстандықтың парызы. Мұны өзіміз ұмытпауымыз және өз балаларымызға айтып отыруымыз қажет.
Мен және біздің министрліктің ұжымы өзімізге қандай жүк пен жауапкершілік жүктелгенін жақсы түсінеміз. Тәуелсіздік мықты экономикасыз болмайды. Бұл жолда Елбасы мен ел сенімін ақтауға тырысамыз.
Бүгін Елбасы қолынан тұңғыш рет мемлекеттік награда – «Құрмет» орденін алып тұрмын. Тәуелсіздік күні қарсаңында мұндай жоғары марапатқа ие болу – мен үшін ұлы құрмет. Бұл қуаныш ешқашан ұмытылмайды. Бұл марапат ұдайы үйімнің төрінде және менің жүрегімде тұрады.
Барлық қазақстандықты Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ,
Ұлттық экономика министрі

Дереккөз: Айқын