Сенат үш жылдық бюджет туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды




Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Сенаты «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасын Мәжіліске қайтарды.
Бүгін Сенат депутаттары пленарлық отырыста «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасын қарап, оны Мәжіліске қайтарды. Депутаттар құжатқа бірқатар өзгеріс енгізді. Өзгерістердің енгізілуінің бір себебі — сарапшылардың мұнай бағасының арзандауына байланысты түсімдер 137,7 млрд теңгеге азаяды деген болжамы.
ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев заң жобасына енгізілетін өзгерістің бәрі биылғы жылдың соңына дейін қабылданып, іске асатынына сенім білдірді.
Биыл 31-ші қазанда Мәжіліс алдағы үш жылға арналған бюджетті мақұлдаған болатын. Ал Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2019 жылы бюджеттің 45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталатынын айтқан еді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ