өлең, тақпақ, жыр, тәуелсіздік күні мерекесі

0
Жиырма жеті жыл, жиырма жеті жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.

Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.

Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

Тағы да Тәуелсіздік туралы өлеңдер:

Тәуелсіздік

Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік

Желтоқсан. Тәуелсіздік

Тәуелсіздік

Еркіндігім қасиетім

Тәуелсіздік – тірегім