Сенат аппараты басшысының орынбасары болып Максим Споткай тағайындалды — Қазақстан жаңалықтары
ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары болып Максим Споткай тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі парламенті жоғарғы палатасының сайтына сілтеме жасап.
Максим Александрович Споткай 1991 жылы туған. Білімі — жоғары. Омбы мемлекеттік техникалық университетін бітірген, инженер-менеджер.
«Nur Otan» партиясы Ақсу қалалық филиалының жастармен жұмыс жөніндегі маманы, «Джей Энд Эс» халықаралық компаниясының қазақ тілі пәнінің оқытушысы, «ZamandaS» Омбы қазақ мәдени-ағарту газетінің бас редакторы, «Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ ПОФ бас маманы, М. А. «Павлодар облысының профцентр» ТОП төрағасы, «Павлодар профсервис» ЖШС директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ жетекші, бас сарапшысы болып қызмет атқарған.
Медиаредакцияның басшысы, «Нұр-Медиа» ЖШС бас директорының орынбасары, «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының баспасөз қызметінің басшысы, ҚР президенттігіне кандидат Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың баспасөз орталығының басшысы болды.
Айта кетейік жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
stan.kz