Сен кінәлісің: Оралда босанған сәтте баласынан айырылған әйелді күйеуі ұрып-соғып тастады
Ер адам ұлының өліміне бұрынғы әйелін кінәлап, ұрып-соққан. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Уральская неделя.
38 жастағы әйел шілденің басында босанған сәтте сәбиінен айырылған. Сауықпай жатып үйіне қайтып кеткен. Әйел жақында екінші күйеуімен ажырасқан. Ол үйге келген сәтте бұрынғы күйеуі күтіп алып ұрып-соққан.Ол жәбірленушіні ес-түссіз қалдырып, өзі кетіп қалады. Бірақ оны өлтіретінін айтып, дауыстық хабарламалар жібере бастайды.
«Ант етемін, мен қолымда нан ұстап тұрмын, мен әкемнің атымен ант етемін, сенің басыңды кесемін, менің жолыма түскендердің бәрін өлтіремін, егер сен менің айтқаныңды істемесең, сені өлтіремін. Баламның өліміне сен кінәлісің! Мен сені өлтіремін, сосын мен өзімді өлтіремін” деп қорқытқан.
Осыдан соң жәбірленуші полицияға жүгінді. Полицейлер ер адамды үш сағат ұстап, босатқанын айтады. Олар азаматты қамауға алу үшін сараптама нәтижелері қажет екенін түсіндірді.
Бұрынғы күйеуі жәбірленушіге телефон соғып, қайта қорқыта бастаған.
Кейінірек жәбірленушінің жарақатына байланысты қан жоғалту салдарынан ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Оған күрделі ота жасалды. Әйелдің туыстары балаларын қауіпсіз жерге жасырған.