Жамбыл облысында карантин кезінде мерейтойын атап өткен әкім жазаланды

0
490

Жамбыл облысында өз мерейтойына қатысқаны үшін аудан әкімі жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасовтың карантиндік шектеулер кезінде өзінің 60 жылдығын тойлағаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Ашық дерек көздерден алынған мәліметтерге сәйкес, Қазанбасов 1961 жылы 16 шілдеде туған.

«Қазанбасовтың айтуынша, мерекелік іс-шараны оның туыстары ұйымдастырған. Аудан әкімі мерейтой туралы сол жерге келген кезде білген. Құттықтауларын тыңдап, үйге қайтқанын айтты. Оның айтуынша, бұл шараға тек жақын туыстары ғана қатысқан, барлығы 38 адам болған», — деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

27 шілдеде Қазанбасов әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 87 510 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ 3 тамызда Бақыт Қазанбасов қатаң сөгіс алды.