Семейліктер жетім қызға пәтер алып берді

0
Семейліктер жетім қызға пәтер алып берді


Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж  ұжымы ата-ана қамқорынсыз қалған бойжеткенге бір бөлмелі пәтердің кілтін сыйға тартты.

Құны 2 млн 700 мыңтеңге тұратын бұл пәтер Семейдің  Шығыс кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінде орналасқан. Қомақты қаражатты жинау үшін педагогикалық колледждің барлық қызметкерлері Назеркенің жеке шотына бір күндік жалақыларын аударған екен.

Назерке Қостаева аталмыш оқу орнын  «Педагог-ұйымдастырушы» мамандығы бойынша былтыр ғана  бітірген болатын. Оқып жүрген кезінде колледждің жатақханасында тұрған. Енді міне ол өзінің жеке баспанасына қол жеткізіп отыр.

Дереккөз: Алтайньюс