Семейде жоғалған екі баланың анасы ойда- жоқта Одессадан табылды
Желтоқсан айының басында жоғалған 29 жастағы Елена Свиридова Одессадан табылды. Бұл туралы оның күйеуі Николай хабарлаған деп жазады semeyainasy.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Азамат «Rina.KZ Семей» еріктілеріне Еленада бәрі дұрыс екенін айтқан. Алайда ол әйелінің қалайша Одессадан табылғанын түсіне алмағанын жеткізіпті.
Николайдың сөзінше, оның жұбайы өз еркімен Мәскеу шекарасы арқылы Қазақстаннан асып, Одессаға аттанған екен. Алайда бұл әрекетке себеп болатындай ешқандай кикілжің болмапты. Ал Елена ешқшан үйден шықпай, ешкіммен сөйлеспейтін келіншек болған екен.
Азамат балаларына қарау қажет болғандықтан, жұбайының артынан бармайтынын айтқан.
Айта кетейік, Семейде екі баланың анасы жоғалып кеткен болатын. Ол университтегі достарымен кездесуге кеткенін айтыпты.