Астанада жолға атып шыққан қызды автобус қағып кетті – Тосын жай

0
70

Астанада жолаушылар автобусы жаяу жүргіншілерге арналған жолда қыз баланы қағып кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген суреттер Facebook желісіндегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобында жарияланды.

«Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметінің өкілдерінің хабарына қарағанда, № 54 автобусы Түркістан көшесімен Алматы көшесіне қарай кетіп бара жатқан.

«Ол жаяу жүргіншілерге арналған жолға атып шыққан қызды қағып кетті. Оқиға кезінде автобустың жылдамдығы сағатына 29 шақырым болған. Зардап шеккен қыз № 2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жеткен жергілікті полиция қызметінің мамандары автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды», – деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Компаниядағылардың мәліметінше, автобус жүргізушісі атқарып отырған қызметінен босатылған және «қара тізімге» енген. Бұл дегеніміз осы жүргізуші елордада қоғамдық көлік жүргізбейді деген сөз.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz