Семейде вагондар рельстен шығып кетті
Жаңа Семей станциясында төрт жүк вагоны рельстен шығып кетті.
Оқиға 24 қараша күні Жаңа-Семей станциясында болған. Басқармадағылардың айтуынша, бос жүк вагондары рельстен шығып, аударылып қалған.
№44 бағыттамалық бұрмада төрт вагон бір жағына қарай ауып кетті. Алдын ала болжам бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуіне ауа райының қолайсыздығы себеп болған.
«Оқиға кеше, 24 қараша күні сағат 16.30-да Жаңа Семей іріктеу станциясының жолдарында болды. Вагондардың рельстен шығып кетуіне желдің күшеюі себеп болған» — делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ.