Данэлия Төлешова «Балалар Евровидениесінде» алтыншы орын алды (видео) – новости Казахстана

0

12 жастағы қазақстандық әнші Данэлия Төлешова 25 қарашада Минскіде өткен «Балалар Евровидениесі» байқауында алтыншы орыннан көрінді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Виктор Толочко

Фото: Sputnik / Виктор Толочко

Алматылық кішкентай өнерпаз халықаралық байқауда «Өзіңе сен» әнін қазақ және ағылшын тілдерінде орындаған. Қазылар алқасы мен көрермендер даусының қортындысы бойынша Данэлия 171 балға ие болған. Ал онлайн дауыс беруде Данэлия үшінші орынды иеленген.

Айта кетейік, «Балалар Евровидениесі» байқауының билығы жеңімпазы – «Anyone I Want to Be» әнін орындаған польшалық әнші Роксана Венгель (215 балл).

Роксана Венгель. Фото: junioreurovision.tv

Роксана Венгель. Фото: junioreurovision.tv

Екінші орынды 203 балмен франциялық өнерпаз Анжелина иленсе, үшінші орын австарлиялық Джаэльге (201 балл) бұйырды.

Еске сала кетейік, «Балалар Евровидениесі» халықаралық байқауына Қазақстан алғаш рет қатысты.