Семейде Қайрат Нұртас қызмет көрсеткен тойхана иесі жазалануы мүмкін
Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың қатысуымен өтті делінген мерекеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
«23 наурызда Семей мейрамханаларының бірінде өткен іс-шараның видеосы әлеуметтік желілерде таралды. Видеода танымал әншінің жүргені байқалды. Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мен облыстық санитарлық дәрігердің жарлықтарына сәйкес, барлық бұқаралық іс-шараларға әлі де тыйым салынған», — деп түсіндірді ДСЭҚ ШҚО баспасөз қызметі.
«Мерекелік іс-шара қазақстандық әншінің, сондай-ақ ресми тұлғаның қатысуымен өткізілген мейрамхана иесіне қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін полициядан ақпарат алынды.
Семей қалалық бөлімінің қызметкерлері санитарлық-эпидемиологиялық бақылау өндіріс жүргізуде. Нәтижесінде кінәлілер «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша жазалануы мүмкін», — деп атап өтті басқармада.
«Шығыс Қазақстан облысының «жасыл» аймақта орналасуы белгілі бір карантиндік шектеулерді сақтау қажеттілігін жоймайды», — деп қосты санитарлық-эпидемиологиялық қызмет.
Бұрын хабарланғандай, Семейде шектеу шаралары кезеңінде санитарлық нормалардың сақталуын бақылау бойынша рейдтер жалғасуда. Кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл — 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Семей мейрамханаларының біріндегі тойдың видеосы тараған еді. Желі қолданушыларының айтуынша, мерекеде Қайрат Нұртас болған. Кейін бұл видео әлеуметтік желіден алынып тасталды.