Коронавирус пен пневмониядан 3 күнде бірден 35 адам қайтыс болды

0
3080

Қазақстанда тәулігіне коронавирустық пневмония мен коронавирустың салдарынан бірден 13 адам қайтыс болды.

11 науқас коронавирустың, ал екеуі пневмониядан қайтыс болды деп хабарланды. Бір күн бұрын 10 кісі, ал 23 наурызда – 12 адам қайтыс болды.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирустың 1105 жаңа жағдайы белгілі болды. Науқастардың көпшілігі Алматыда (+ 341), Нұр-Сұлтанда (+195) және Алматы облысында (+104) анықталды.

Жалпы республикада COVID-19-тің 236 200 жағдайы және пневмонияның 50 152 жағдайы расталды.