Scat ұшағы Атырау әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды
Бүгін SCAT авиакомпаниясының ұшағы тағы да Атырау әуежайына апатты жағдайда қонды.
Бұл туралы atpress.kz-ке сілтеме жасап KzNews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әуекомпанияның өкілінің ресми ақпаратына сәйкес, «Атырау — Алматы» рейсі кезінде ауаны баптау жүйесінің көрсеткіші сөніп қалған. Әуе командирі ұшу портына оралу туралы шешім қабылдады.
Боинг-737 ұшағы Атырау әуежайынан сағат 14:09-да ұшып шықты, қону уақыты — 16:03.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін, 11 қарашада, Атырау әуежайында аталған авиакомпанияның ұшағы апатты жағдайда қонған болатын . Ұшақ көтерілгеннен кейін үлкен құстар тобымен соқтығысқан.