Сәуле Әбілдаханқызы: Олай-бұлай боп кетсем, Цойдың сойқаны деп біліңіздер…

0

Жалғыз өзің жаумен жанығып соғысып жатқанда… Сой империясының жіберген әскеріне қарап, Сойдың өзіне «соғыс» ашқым кеп жатыр ше…. олай-бұлай боп кетсем, Сойдың сойқаны деп біліңіздер…

Қысқасы, жаңарақта, сағат 19-20-ның кезінде учаскелік әп-әдемі дәрігер қыз келді. Өмірі емханаға барып көрмегем, танымайды екенмін. (Емханаға 2-3 жылда бір барсам да, талон-палонға нервым шыдамай, дәрігерімді «ұстай» алмай, ақылы емханаға кететінмін…)

Дәрігерлерге еш кінә артпаймын, олардың көбі көөөөөп айлықпен қатар, үлкееееен құрметке лайық!!! Бар мәселе — шіріген жүйеде!!! Ал жүйе деген — әкімдіктер мен министрліктерден құралған билік!…

Айтайын дегенім — ковидпен ауырғандарға арналған алғашқы қажетті ақпараттар жазылған мына екі беттік нәрсені менің учаскелік дәрігерім мемлекеттік тілге аударуға міндетті емес шығар, Алексей Цой мырза???
«Маған қазақ тілінде жазылғанын беріңіз, мен мынаған қол қоймаймын да, алмаймын да» дедім.
«Бізге орыс тілінде жібереді» деді.

«Сіз орыс тіліндегісін қабылдады екен деп, мен қабылдай алмаймын. Сіздер Мемлекеттік тіл туралы заңды орындамай, менің құқығымды қоса таптап отырсыздар… Өзің қазақ, әке-шешең қазақ, ата-ата-бабаң қазақ, жеті атаң қазақ, жеті анаң қазақ…. қазақтың жерінде, қазақтың нанын жеп, суын ішіп, ауасын жұтып отырып, өзің қазақ бола тұра, қалайша құл болуға болады?..» деп біраз лекция оқып тастадым….

Әрине, ол байғұстың, шынымен, кінәсі жоқ шығар…. ол, тіпті, «Қазақстан — 30 жылдан бері тәуелсіз мемлекет, ал қазақ тілі — мемлекеттік тіл» деген ой үш ұйықтаса, ойына да, түсіне де кірмейтін шығар….
Алайда, Мемлекеттік құзырлы мекемелер — бұл жағдайда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі — әрбір құжаттың, ең алдымен, мемлекеттік тілде нұсқасы болуын қамтамасыз етуге МІНДЕТТІ!!!

Кеше бір жекеменшік (ақылы) медициналық орталыққа да жайлап айтып, (сұрап, талап етіп), келісімшартты қазақша аудартуға жіберткен едім…. «частный»-ды «частный» дейміз…. мемлекеттікке не дейміз??? Екеуіне де АТАЗАҢ ортақ емес пе??? Әлде «частный»-лардың өз заңы, мемлекеттік әрбір органдардың тілге қатысты өз заңдары бар ма???

Сәуле Әбілдаханқызы, Facebook парақшасынан