Сәуле Әбединова: Өте қарапайым, қазақша жатық сөйлейтін министрді алғаш рет көруім — Қазақстан жаңалықтары

0

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыповамен кездесіп, көпбалалы аналардың мәселесін талқылады. 

Сәуле Әбединова: Өте қарапайым, қазақша жатық сөйлейтін министрді алғаш рет көруім

Бұл туралы тележүргізуші парақшасында жазды. 

«Бүгін түсте ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың қабылдауында болдық. Өте қарапайым, қазақшасы таза әрі жатық сөйлейтін, көпбалалы Ана-министрді өмірімде бірінші рет көруім. Бүгінде қордаланып қалған әлеуметтік мәселелерді, әсіресе, Аналардың, көпбалалы Аналардың мәселелерін кешенді түрде шешу жолдарын біраз талқыладық. 

Маған арыз-шағымдарын жолдап, аманат еткен Аналардың БАСТЫ талап-тілектері: 

  1. «Ана мен бала құқығын қорғау туралы» ЗАҢ қабылдау;
  2. Тегін баспана.
  3. Тегін медицина.
  4. Тегін білім.
  5. Бір балалы болса да, көп балалы болса да — әр балаға жәрдемақы (пособие).
  6. АӘК есептегенде прописка талап етпеу, мектептен анықтама талап етпеу, жәрдемақы, шәкіртақыларды да, ЛПХны да (мал-сал, тал, т.б) есептемеу;
  7. Банктегі несиелерін жою т.б.

Бұл мәселелерді біз 6 ақпаннан бері айтып, жазып, көтеріп жүрміз. Билік те халықтың қордаланып қалған әлеуметтік мәселелерін кешенді шешу үшін күндіз-түні жұмыс істеп жатқанын Светлана Жақыпова ханым барынша айтып түсіндірді. Әр мәселені шешу үшін нақты сол салаға жауапты министрліктермен, департаменттермен бір емес, бірнеше рет дөңгелек үстел басында жиналып, жан-жақты талқылаулар жүріп жатқанын, әр мәселенің ұшын біртіндеп тарқатып жатқандарын жеткізді.

Бүгін Светлана ханымның түскі үзіліс уақытын біз «ұрладық», енді сәті түскен күні министр Бердібек Сапарбаев мырзаның да біраз уақытын «ұрласақ» деп жоспарлап қайттық. Көп мәселе оң шешілетініне өз басым, сенгім келеді», — деп жазды ол.

stan.kz