Украинадағы президент сайлауының екінші кезеңі. Тікелей эфир

0

Азат Еуропа/Азаттық радиосының «Настоящее время» жобасы Украинадағы президент сайлауының қалай өтіп жатқанын бақылап, сайлау учаскелерінен тікелей эфирде хабар таратып жатыр.

Тікелей эфирді көріңіз:

Президент сайлауының бірінші кезеңі 31 наурызда өткен. Украина орталық сайлау комиссиясының дерегінше, ​Владимир Зеленский — 30,24%, Петр Порошенко — 15,95% дауыс алған.

19 сәуірде Порошенко және Зеленский Киевтегі стадионда дебат өткізді.

Басында олар стадионда дебат өткізуге келіскенмен оның мерзіміне байланысты дауласып қалған. 14 сәуірде Порошенко стадионға жалғыз келіп, баспасөз мәслихатын өткізген. Зеленскийдің дебаттан жалтарып отырғанын айтқан. Бірақ ақырында екі үміткер 19 сәуірде Киев стадионына келіп, пікір таластырды.

Дебатта негізінен төмендегі мәселелер қозғалды:

  • Зеленскийдің әскерге барудан жалтаруы (Порошенко оны «әскери борышыңды өтеуден қаштың» деп айыптады, бірақ Зеленский айыпты жоққа шығарды);
  • жемқорлықпен күрес және үміткерлердің бір-бірін олигархтар мүддесін қорғап отырғаны туралы айыптауы;
  • Зеленскийдің саясаттағы тәжірибесіздігі және Порошенко саясатының оң және теріс тұстары;
  • Ресеймен қатынас;
  • Донбастағы жағдай.

Azattyq