Сәуір айындағы діни мейрамдардың жайы не болмақ? Ақпарат министрінің жауабы — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев сәуір айындағы діни шаралар жайлы айтып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ифтар

«Құрметті қазақстандықтар, сәуір айында біздер үшін маңызды бірқатар мейрамдар келе жатыр. Олар: Ораза, провославтық және католиктік Пасха, яхудейлік Песах және т.б. Сөзсіз, олардың барлығы көптеген азаматтар үшін үлкен маңызы бар. Біз дін ұстанушы азаматтарымыздың діни сенімдеріне зор құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус індеті барлық адамдардың денсаулығына, өміріне қауіп төндіруде. Сол үшін көптеген елдерде эпидемияға қарсы бұрын-соңды болмаған шектеулер енгізуде.

Вирус таралмауы үшін адамдар жаппай жиналатын шараларға, оның ішінде діни шараларға да уақытша тыйым салынады. Себебі бұл діни шаралар кезінде ғибадат орындарына барып, туыстарымен, жақындарымен жиналады. Бірге мазар басына барады, одан басқа әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шаралары болады. Сол үшін қазіргідей қиын кездегі ең басты мәселе — адамның денсаулығы мен өмірі. Ешқандай дін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенді мақұлдамайды. Осы ретте барлық діни және этно-мәдени ұйымдардың басшылары мен азаматтарды түсіністік танытуға шақырамыз. Діни мейрам кезінде карантин режимін сақтауды сұраймыз. Діни бірлестіктерге діни рәсімдерді онлайн түрде өткізуді сұраймыз», — деді Абаев. 

stan.kz