Сауат Мыңбаев қайда жүр?

0

Жуырда «ulysmedia.kz» сайты Қазақстанның саяси элитасында дардай аты бар, «Қазақстан теміржолының” экс-басшысы, Қазақстанның мұнай-гах министрі болған Сауат Мыңбаевқа іздеу салып, «Годовщина исчезновения: почему все молчат о Сауате Мынбаеве» атты мақала жариялапты деп хабарлайды Abai.kz порталы.


Қасіретті қаңтар оқиғалары тура бір жыл бұрын Қазақстанның ақпараттық және саяси кеңістігінен жоқ болып кеткен Сауат Мыңбаеты ұмыттырып жібергендей. Бұрынғы «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының басшысы Сауат Мыңбаев туралы БАҚ бетіне еш дерек шықпағалы бір жылдың жүзі болыпты.

Мыңбаев кезінде танымал тұлғалардың қатарынан болды. Ол туралы мақтау да даттау да жазылды, иеленген көп байлығы туралы да айтылды. Мыңбаев өрлеген мансап жолын «жарақат алды» деген қысқа мәлімдемеден кейін сап тыйды.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазіргі уақытта емделіп жатыр. Денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», — деп жазды компанияның баспасөз қызметі.

Бірақ, бұл жауапты БАҚ өкілдері қанағат тұтпады. Әрі қарай оқиғаны егжей-тегжейлі қазбалай түсті.

Кейін Мыңбаевтың белгісіз жағдайда омыртқасынан ауыр жарақат алғаны және оның Германияның атақты «Шарите» ауруханасына жатқаны туралы мәліметтер шыға бастады.

«Шаритеге» қоңырау шалған Ulysmedia.kz тілшісіне неміс дәрігерлері Қазақстандық емделушісі туралы не теріс не оң ақпарат бермеген. Берлиндік әріптестері арқылы Мыңбаевтың жағдайын білгісі келген редакцияның талпынысы да еш нәтиже бермеді. Германия ауруханасына  лауазымды емделушілері туралы ақпарат алғысы келетін БАҚ өкілдері маза бермесе керек, олар қауіпсіздік жүйесін қатаң бақылауға алған. Олар тіпті науқастар тізімі де көрсетпейтін болып шықты.

Бір жыл бұрын Мыңбаев туралы берілген ресми ақпаратқа көпшілік сенбеді. Оған қатысты «беймәлім жағдайдың» қалай болғаны туралы әркім әлеуметтік желілерде жаза бастады.

«Жұмыс орында отырған Мыңбаев кенеттен белін сындырып алыпты. Содан соң Германияға емделуге тез арада кеткен екен. Бұрын куә болғанымыздай, өзін үш жерінен атпаса болғаны да», -деп жазған желі қолданушысы. Осы сарындағы пікірлер әлеуметтік желілерде өрбіді.

Кейін бірінші президенттің туыстарымен тығыз қарым-қатынастағы қазақстандық бизнесмен Машкевичтің компаниясымен Мыңбаевтың арасында жалжал туындаған және Елбасының туысқаны Қайрат Сатыбалдымен бөлісе алмаған дүниесі болған деген хабар тарады. Дегенмен, бұл хабарға аты аталған адамдардың ешқайсысы ләм-мим деп жауап қатпаған. Сауат Мыңбаевпен қызметтес болған, үкіметтің жиындарына бірге қатысқан әріптестері ол туралы сұраққа «Германияда емделіп жатыр, шетелде тұрып жатыр» дегеннен басқа мардымды ештеңе айтпайды.

Мыңбаевтың айналасында болған оқиғаларға қатысты атын атамауды өтінген бір сарапшы былай деп пікір білдірген:

«Мүлде көзден ғайып болды, бұл рас. Егер Мыңбаев ҚТЖ келісімшарттарын тазарту жұмысын жалғастыра берсе, бір компанияның зардап шегуі анық еді. Ұлттық компанияның ісін түзетуде бір ғана нұсқа бар. Ол -тау-кен шикізатын тасымалдау үшін жеңілдік тарифтерін алып тастау және Қытай транзитіне толықтай жол беру. ҚТЖ Қытай жүктерін алмайды, ал қытайлар «сыйға сый» принципімен жұмыс істейді. Қытай жүктерін жібермеуге Қытай шекарасының екі иесі де мүдделі болды: мемлекеттік бизнесмендер, бірінші отбасына қатысы барлар. Қайсысы болса да Мыңбаевтың белін сындыра алады».

Ол Қазақстан теміржол компаниясын 2018 жылы басқарды. Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясын басқарған. Сондай-ақ,  Президент Әкімшілігінің басшысы, вице-премьер, Ауыл шаруашылығы министрі, Энергетика министрі, Индустрия және сауда министрі сияқты біршама қызметтерді атқарды.

2018 жылы OCCRP тергеушілері «жәннат құжаттары» деп атаған офшор-шоттарында «Қазақстанның құпия миллиардерлері» ішінде Мыңбаевтың да аты аталды. Офшорларда тіркелген көп миллиард қаржыны оның мойнына жазды. Бірақ, ол бұл ақпаратты теріске шығаратын мәлімдеме жасаған жоқ.

Соңғы ресми емес дереккөздер оның дәл қазір Швейцарияда емделіп жатқанын айтады.

Abai.kz