«Сары жилеттер» Францияда түрмеге баса-көктеп кірді — Жаһан

0

Франция шығысында Дижон қаласында 50-ден аса ереуілге шыққан адамдар сенбіде түрменің аумағына баса-көктеп кірген, олар өз серіктестерін босатуды талап еткен, — деп хабарлайды BFMTV телеарнасы.

Осыған дейін төрт адам жандармға күш қолданғаны үшін түрмеге жабылған еді, осыған орай ереуілшілер түрменің аумағына баса-көктеп кіріп, өз серіктестерін босатуды талап еткен. Біршама уақыт өткенде олар қайтып кетті. 

«Сары жилеттер» акциясы Францияда 17 қарашада басталған еді. Басында олар жанармай салығы мен бензин бағасын қымбаттатпауды талап еткен. Франция үкіметінің әлеуметтік саясатына көңілі толмаған адамдар әлі күнге дейін бүкіл ел аумағында шығып жатыр. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz