Солтүстік Қазақстанда көпсалалы аурухана салынады

0

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Орталық Азиядағы инвестициялық корпорацияның президенті Джан Гау Чинмен кездесіп, бой көтеретін құрылыс нысандары жайы талқыланды.Былтыр бұл салаға 80 миллиард теңге бөлінсе, биыл бұдан да қомақты қаражат бағытталған. Құмар Іргебайұлы аспанасты елі қаржыгерлерін осы бағытта әріптестік орнатуға шақырды.

Тайынша ауданында көрші мемлекеттің қаржыландыруымен салынған майлы дақылдарды тереңдетіп өңдейтін зауыт жұмыс істейді. Қызылжар және Ғ.Мүсірепов аудандарында құрамажем зауыттары тұрғызылуда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дәуренбек Бейсенбаевтың айтуынша, жаңа аурухананың құрылысына 8 гектар жер бөлінген. Жобалық сметалық құжаттар дайындалған соң мемлекеттік сараптамаға беріледі. Жоба бойынша аурухана 12 корпустан тұрады. Бұдан бөлек дәрігерлер үшін екі үй тұрғызылады. Сөйтіп өңір тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігі жақсаратын болады..

Медициналық кешен Оңтүстік Кореядағы медицина орталықтарының үлгісінде тұрғызылады. Жергілікті делегация осы елмен тәжірибе алмасып, келісім жасауға аттанып кетіпті

«Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында құрылыс бизнесіне, жолдарды жөндеуге де де қатысуды ойластырып отырмыз.Көпсалалы аурухананы 3-3,5 жылда пайдалануға беретін боламыз», дейді Орталық Азиядағы инвестициялық корпорацияның президенті Джан Гау Чин.

Аталмыш компания Орталық Азияда бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырыпты. Мәселен Тәжікстанда 22,8 миллион доллардыңэлектр зауытынсалып, Ауғанстанда 100 миллион долларға жолдарды қалпына келтіруде.

Өзбекстанда жылына 2 миллион тонна цемент өндіретін зауыт салуға келіссөздер жүргізілуде.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Дереккөз: http://egemen.kz/