Сарапшылар ең қуатты Android-смартфонды атады — Гаджеттер

0

AnTuTu құрастырушылары Android операциялық жүйесінің негізінде ең қуатты смартфондардың тізімін жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ФАН басылымына сілтеме жасап.

Сарапшылар Huawei Mate 20 смартфонын ең қуатты гаджет деп атады. Айта кетейік, Huawei Mate 20 2018 жылдың қазанынан бастап сатылымға шыққан болатын. Мамандар бұл смартфонға 306,6 мың ұпай берді.

Екінші орында Huawei Mate 20 Pro тұр, ол 303 мың ұпай жинады. Ал үштікті Mate 20X смартфоны қорытындылады.

Сондай-ақ, тізімде OnePlus6, Xiaomi Mi Mix 2S, Mi8, Xiaomi Black Shark пен  Pocophone F1 бар.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz