Сапасыз жанармай ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіреді – президент

0
7

Экономика

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Биыл елімізде көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемі үш есеге артып – 170 миллиард теңгеге жетті

АЛМАТЫ, 10 cәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияға облыстар арасындағы блок бекетте сағаттап кезекте тұратын автокөліктер мәселесін бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, жанармай сапасының төмендеуіне қатысты құзырлы органдарға нақты міндеттер жүктеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

«Ауыл шаруашылық азық-түлік тауарларын жеткізушілердің автокөліктерін карантин енгізілген қалаларға үздіксіз өткізуді қамтамасыз ету қажет. «Жасыл» аймақ арқылы өту үшін оларға рұқсатнамалар жедел берілуі тиіс», – деді мемлекет басшысы.

Бұл көктемгі егіс жұмыстарына кірісетін фермерлерге де қатысты болып отыр.

«Бұған дейін аймақаралық үйлесімнің маңызы туралы айтқан болатынмын. Автокөліктердің облыстар арасындағы блок бекетте бірнеше сағат бойы тұратыны туралы деректер бар. Мемлекеттік комиссияға осы мәселені бақылауда ұстауды тапсырамын», – деді президент.

Оқи отырыңыз: Көктемгі егіс жұмыстарына қанша дизель отыны бөлінді

Сонымен қатар мемлекет басшысы биыл ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржының үш есеге артқанын мәлімдеді.

«Еліміздің оңтүстігінде егіс жұмыстары жүргізіліп жатыр, 30%-і орындалды. Басқа аймақтарда егіс жұмыстары бір ай ішінде басталуы тиіс. Шаруалар пестицид пен тыңайтқыш, сапалы дән мен жанар-жағармай материалдарын сатып алу үшін айналым құралдарымен қаматамасыз етілуі тиіс. Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемі үш есеге артып – 170 миллиард теңгеге жетті», – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, жанармай сапасының төмендеуіне байланысты қымбат тұратын ауыл шаруашылық техникасы істен шыққаны туралы деректер тіркелген.

«Дизель отынының сапасына наразылықтар бар. Осыған байланысты энергетика министрлігі мен әкімдер жанар-жағармай материалдары көлемін ғана емес, сондай-ақ сапасын қамтамасыз етуді бақылауға алуы қажет. Іс жүзінде сапасыз жанар-жағармай материалын жеткізу тек экономикаға ғана емес, елдің ұлттық қауіпсіздігіне де тікелей залал келтіреді», – деді президент.

Соған сәйкес, ұлттық қауіпсіздік комитеті, қаржы министрлігінің экономикалық тергеу қызметіне сапасыз жанар-жағармай материалын жеткізген компаниялар мен жеке тұлғаларды анықтауды тапсырды.

«Бұл ел қауіпсіздігіне тікелей қастандық жасау, оның экономикалық әлеуетіне нұқсан келтіру болып саналады. Іріткі салушылар тарапынан жасалған осындай әрекеттер құқық қорғау органдарымен әшкереленіп, қылмыскерлер заң бойынша жауапкершілікке тартылуы тиіс», – деді президент.



sputniknews.kz