Сапарбаев: Қырғызстанға кеткендер, қайтып оралсын — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР Премьер-министрі Бердібек Саапарбаев Қордайға сапары кезінде елді тыныштандырып, қираған үйлердің жөнделетінін мәлімдеген. Сондай-ақ, ол Қырғызстанға шекара асып кеткендердң елге қайту керек екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет комиссиясы жұмысының екінші күнін ауылдар мен шекара маңы өткізу пункттерін аралаудан бастады.

 Жамбыл облысының Қордай ауданында құқықтық тәртіпті бұзу фактілері тіркелмеді. Жағдай тұрақталды, ауылдықтардың өмірі қалыпты арнаға түсіп жатыр.

«Қарасу» шекара бекетінде адамдар жоқ, ал Қырғызстаннан келген адамдар кезегі «Ауқатты» пунктінде пайда болған. Бұлар — осыған дейін көршілес республикаға кетіп қалып, енді үйлеріне оралып жатқан қазақстандықтар. Олардың ішінде әйелдер мен балалар көп.

Бердібек Сапарбаев отандастарымыздан сабырлық сақтап, арандатулардың ықпалында кетпеуді сұрады.

«Сіздерден арандатуларға ермеуді сұраймыз. Бұзылған барлық үйлерді біз қалпына келтіреміз, отбасыларға көмек көрсетеміз. Біздің мамандар жұмыс істеп жатыр, залалды бағалауда.

 Қазір Қырғызстанда өз туыстарын паналап жатқан жақын-жуықтарыңызға елге қайту керектігін жеткізіңіздер», — деді Б. Сапарбаев өткізу пунктінде жиналған қауымға.

Б. Сапарбаев аудандағы жағдайдың тұрақталғанына сендірді.

«Президент тапсырмасы бойынша мұнда арнайы Үкімет комиссиясы келді, оның құрамында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары бар. Өткен тәулікте ешқандай оқиға да, құқық бұзушылық та болған жоқ. Жағдай тұрақталды. Құқық қорғау органдарының күшінің арқасында тәртіп пен қауіпсіздік орнатылды. Тағы да сіздерден арандатуларға ілеспеуді сұраймыз», — деді Б. Сапарбаев.

Айта кетейік, 7 ақпанда кешкі сағат 19:00-де Жамбыл облыстық полиция департаментіне «Қордай ауданының Масанчи ауылының жанында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр» деген ақпарат түскен. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін дереу полиция қызметкерлері жіберіледі. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуеметтік желі арқылы таратқан.

stan.kz