Ақсақалға қол көтерген: Жапа шеккен қарияның ұлы Қордайдағы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

0

 

Қордайдағы қақтығыстың қалай басталғаны жайлы және өзіне және жақындарына жасалған шабуыл туралы Нұрлан Құдашбаев айтып берді. Бұл туралы желі қолдаушысы Азамат Ерғали өзінің Facebook-тегі парақшасына жариялаған.

 

«Әкемді көз дәрігеріне апара жатқанбыз. Көлікте отырған мені белгісіз біреу тоқтатты. Не болды? деген сұраққа мені боқтап, ұра бастады.

Көлікке жасалған шабуылды тоқтату мақсатында Нұрлан мән-жайды білмек болған.

«»Мойнымнан қылқындырды»,-дейді Нұрлан. Осы уақытта екі адам шабуылдап, бірі ұрып, бірі қылқындырған. Көмекке ағасы келмек болғанда, сыртта тағы екі адам жүгіріп келген.

«Қолында екі балғасы бар екеуі ағам екеумізді тепкілей бастады.

Таяқпен жүретін сексендегі әкем арашалаймын деп көліктен шыққанда, басқалары соған жабылды. Ішінен қатты соққы алған ол жерге құлады».

«Ақсақалды көтермек болған ағасының басынан таспен ұрды.  Жедел жәрдем шақырдық, үйдегі туыстарды шақырдым»,-дейді ол. Жол полицейлердің оқиға үстінен түсуі жанжалды тыныштандыруға септігін тигізген.

Нәтижесінде Нұрланның ағасы мен әкесі ауруханаға түскен. Жамбас сүйегі сынған әкесін Алматыға ауруханаға алып кеткен.

Өзі және отбасы мүшелері жапа шеккен Нұрлан Құдашбаев әділеттілік іздейтінін айтады.

stan.kz