Сапарбаев қапқа салынған мәйттер туралы видеоға түсініктеме берді

0

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қайтыс болғандардың денелері салынған сөмкелер туралы бейненің таралуына түсінік берді.

Бейне облыс тұрғындары арасында таралды. Видеоның авторы видео Таразда түсірілген деп мәлімдейді.

Әкім бұл видео жалған екенін айтты.

«Автор толық оқымаған. Мен барлығына мақалаларды, материалдар мен ақпараттарды соңына дейін оқуға кеңес беремін. Видео Ақтауда түсірілген дейді. Маңғыстау облысының әкімдігі оны теріске шығарды. Кейбіреулер оны «Таразда» деп қайта тарата бастаған. Бізде ондай жағдай болған жоқ жаздық» деді облыс әкімі Сапарбаев.

Жалпы, аймақта үш адам коронавирустан қайтыс болған. Солардың бірі — Павлодар облысының тұрғыны.