Санкт-Петербургтық бала Галкиннің шоуында Қазақстанның әнұранын айтты — Бір үзік
Бірінші арнадағы «Лучше всех» шоуының соңғы шығарылымында 11 жастағы Антон Вакуленко залдағылардың қошеметіне ие болды, ол Қазақстан мен Францияның әнұранын айтты, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Антон Вакуленконың айтуынша, ол 15 елдің тілін біледі. Олардың арасында ағылшын, испан, түрік, белорус, словен, фин және өзге де тілдер бар.
Полиглот баланың сөзіне қарағанда, ол 22 шетел тілінде ән айтып, түрлі елдің әнұранын орындай алады. Жүргізуші Максим Галкиннің өтінішімен ол Қазақстан мен Францияның әнұранын айтып берді.