«Сандалып жүрді» Жаңа бапкер Головкиннің бокстасу мәнері ұнамайтынын айтты

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Джонатан Бэнкстің кездесудің көп бөлігінде сылбыр қимылдайтын боксшыны суқаны сүймейді

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр — Sputnik. Геннадий Головкиннің жаңа бапкері Джонатан Бэнкс шәкіртінің Сауль «Канело» Альвареске қарсы қос кездесудегі бокстасу мәнерін жіті зерттегенін мәлім етті, деп хабарлады Prosports.kz.

«Головкиннің рингте сандалып көп жүргеніне бәрі куә болды. Керек кезде белсенділік таныта алмады. Мен бұл жігіттен үлкен талант көремін, бірақ агрессивті бокс көрсетіп, соққыларды жиі жұмсау керек деп ойлаймын. Бір қаруға ғана негіз артып, кездесудің көп бөлігінде сылбыр қимылдайтын боксшыны суқаным сүймейді», — деп мәлімдеді Джонатан Бэнкс Nypost.com порталына берген сұқбатында. 

Головкин мен «Канелоның» 3-кездесуі нокаутпен аяқталады: жеңімпаздың аты аталды

Айта кетейік, Геннадий үшін «Канелоға» қарсы екі жекпе-жек те сәтті болмады – біріншісі тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті мексикалыққа берді.

Головкин 9 маусымда Нью-Йорк қаласында канадалық Стив Роллспен жұдырықтасады.



sputniknews.kz