«Самұрық-Қазынаның» Басқарма басшыларына бір жылда 266 млн тг. сыйақы төленген

0
1347

Ұлттық холдингтің 2020 жылғы қаржылық жағдайына қатысты ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды ЭК.

«2020 жылы «Самұрық-Қазына» Басқармасының бес мүшесі 266 миллион теңге алды. Бұл дегеніңіз — Басқарманың әр мүшесіне айына орташа есеппен 4,4 миллион теңгеден төленген. Айта кетейік, осы бес адамға арналған жиынтық сыйақы мөлшері 2019 жылмен салыстырғанда 30%-ға өскен. Мәселен бір жыл бұрын ол 199,4 миллион теңге болған», — дейді FINANCEkaz Телеграм-каналы.

«Ал, жыл есебіне сәйкес, «Самұрық-Қазынаның» таза табысы 2020 жылы бар болғаны 8 миллион теңгеге (1%-дан кем) өскен. Ал жинтық жалпы кіріс 2019 жылмен салыстырғанда 15%-ға азайған. Айтпақшы, негізгі басқарушылардың сыйақысы туралы шетелдік ақпарат жылдық есептен жоғалып кетті», — делінген хабарламада.

Түсіндіре кетейік, жиынтық сыйақы дегеніміз — бір жылда берілген барлық ақшалай төлем. Оған жалақы, сыйақылар, бонустар және ақшалай ынталандырудың басқа да түрлері кіреді.