Самарқандта сәнді көлік нөмірі 60 мың долларға сатылды
Самарқандта сәнді көлік нөмірлерін сату бойынша өткен онлайн-аукционда 30 Z 777 ZZ нөмірі 596,5 млн сумға (шамамен 57 мың АҚШ доллары) сатылды.
2021 жылы бұл сома Өзбекстанда көлік нөмірлерін сатудағы рекордтық көрсеткіш болды.
Бұдан бөлек сәнді нөмірдің иесі мемлекетке 2800 доллар көлемінде салық төлеуі тиіс.
Көлік нөмірі 14 желтоқсанда бастапқы бағасы 111,5 млн суммен (11 мың доллар) сатылымға қойылған.
Өзбек тауар-шикізат биржасында былтыр ең қымбат көлік нөмірі 206 млн 700 мың сумға (20 мың доллар) сатылған.
2020 жылы пандемияға қарамастан, Өзбекстан 106 мың көлік нөмірін 262,6 млрд сумға (25 млн доллар) сатқан.