Неміс дәрігері: Қышыма — қатерлік ісіктің белгісі

0
106

Тері ауруларын емдейтін маман рак белгісі болуы мүмкін деген белгілерді атады.

Неміс дәрігері Яэль Адлер қауіпті дерттің белгісі болуы мүмкін деген аурулар туралы айтып берді.

Тері дәрігерінің зерттеуінше, безеу, дененің қызаруы және қышыну ішкі ағзалардағы ақаумен байланысты. Дәлірек айтсақ, асқазан мен ішек аурулары.

Әсіресе, қышынуға аса көңіл бөлу қажет. Ол айтпаған жерден пайда болады.

«Қышыну ағзадағы зат алмасудың бұзылуының белгісі. Сондай-ақ, ол адамның қант диабеті және рак секілді ауруларға шалдыққанын білдіреді», — деп сақтандырды Адлер.

Осы орайда ол тері қызарған жағдайда дәрігерге қаралуға кеңес берді.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету