Салтанат Бақаева кіші ұлының тұсауын кестіріп, той жасады — Қазақстан жаңалықтары

0

Кеше әнші, актриса Салтанат Бақаева мен күйеуі Нұржанның тойында үлкен той болды. Олар кіші ұлдарының тұсауын кестіріп, атаулы күнді дүркіретіп өткізді. Ал Айтөре батырдың тұсауын белгілі композитор, продюсер әрі тележүргізуші Арман Дүйсенов кесті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Салтанат Бақаева кіші ұлының тұсауын кестіріп, той жасады

«Айналайын әнші, актриса қарындасым, Бақаева Салташтың ,(алтыным, бір сөзімді жерге тастамай, қашан, қайда көрмесін, «ағалап» алдымнан жүгіріп шығып құрметін аямайтын ерекше дарынды, білімді, тәрбиелі қыздарымыздың бірі де бірегейі өзі..) бауырым Нұржантайдың Айтөре деген батырының тұсауын кесу бұйырды! Ырымдап жолды маған ұсынған екен, бұрын ата әжелерден көргенімді, білгенімді мейлінше дұрыс жасауға тырыстым! Еее.. қайран өмір десеңші… Әне міне деп жүргенде біздерге де аға болып, тұсау кесіп бата беру — деген үлкен мәртебенің кезегі келіп қалыпты … Шүкір! Алланың әр бергеніне шүкір!!!! Айтөрешіміз үлкеееен жігіт болсын!!! Шын жүректен тілекшіміз!!!»,- деп жазды белгілі композитор, продюсер, тележүргізуші Арман Дүйсенов.

Желі қолданушылары әдеттегідей, ізгі-тілектерін жаңбырша жаудырып, құтты болсын айтты.

«Басқа тойды тойламасаң өзің біл. Балалардың туған күні тойлансын!  Құтты болсын! Үлкен азамат болып өсе берсін, елдің азаматы болсын! Қадамы құтты болсын үлкен азамат болсын»,- деген тілектер білдірді.


Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.



stan.kz