Алматы қаласы «құтқару қызметінің» төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыруы және өткізуі

- Жарнаманы баса кетіңіз -

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Химия факультеті

Химиялық физика және ЖМҚ химиясы кафедрасы

«Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз» ету циклы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ 

Алматы қаласы «құтқару қызметінің» төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыруы және өткізуі

 

РЕФЕРАТ

 

Бітіру жұмысы 46 беттен, 11 суреттен, 2 кестеден, 31 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Түйінді сөздер: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ, ТАБИҒИ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ, ТЕХНОГЕНДІК ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ, АВАРИЯ, АПАТ, ДҮЛЕЙ ЗІЛЗАЛА, ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ, ҚҰТҚАРУ ОТРЯДЫ, ДИСПЕТЧЕРЛІК КҮЗЕТ, ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ.

Зерттеу объектісі: Алматы қаласы «Құтқару қызметінің» жұмысы.

Жұмыстың мақсаты: Алматы қаласы «Құтқару қызметінің» төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыруы және өткізуі.

Жұмыстың міндеті:

  • төтенше жағдайлардың түрлері және олардың шығу көздерімен танысу;
  • табиғи және техногендік апаттар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктерін айқындау;
  • Алматы қаласы «Құтқару қызметі» жұмысын ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерімен танысу.

РЕФЕРАТ

 

Выпускная работа состоит из 46 страниц, содержит 11 рисунков, 2 таблицы, 31 использованный источник.

Ключевые слова: ЧРЕЗВЫЧАЙНАЯ СИТУАЦИЯ, ПРИРОДНАЯ ЧРЕЗВЫЧАЙНАЯ СИТУАЦИЯ, ТЕХНОГЕННАЯ ЧРЕЗВЫЧАЙНАЯ СИТУАЦИЯ, АВАРИЯ, КАТАСТРОФА, СТИХИЙНОЕ БЕДСТВИЕ, СПАСАТЕЛЬНЫЕ РАБОТЫ, СПАСАТЕЛЬНЫЙ ОТРЯД, ДИСПЕТЧЕРСКИЙ ПУНКТ, СЛУЖБА СПАСЕНИЯ.

Объекты исследования: работа «Службы спасения» города Алматы.

Цель выпускной работы: Организация и проведение работ «Служба спасения» города Алматы при чрезвычайных ситуациях.

Задачи:

  • ознакомление с источниками и видами чрезвычайных ситуаций;
  • определение особенностей организации и проведения спасательных работ при природных и техногенных катастрофах;
  • ознакомление с особенностями организации и проведения работ «Службы спасения» города Алматы.

 

ГЛОССАРИЙ

 

Төтенше жағдай – белгілі бір аймақтарда күтпеген жағдайда пайда болатын ахуал.

Табиғи төтенше жағдай – табиғаттан келетін апаттар.

Техногендік төтенше жағдай – адамның өндірістік және шаруашылық әрекетінен туындайтын төтенше жағдайлар.

Дүлей зілзала – бірден елеулі адамның тіршілігін бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жоғалтуға соқтыратын, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлар өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.

Сел – тау жартастарының сынықтары мен су қоспасынан тұратын, қатты жауын немесе қардың қарқынды еруінен, сондай – ақ, қар үйіндісі мен мұзды теңіздер еруінің нәтижесінде таулы өзендер мен бұлақтар арнасында кенеттен пайда болатын үлкен қиратушы күштің лай-тас аралас қарқынды су тасқыны.

Эпидемия – нақты бір аймақтағы ауру-сырқаудың саны әдеттегі тірке-летін деңгейінен біршама асатын, уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін белгілі бір аймақта адамдардың жаппай инфекциялық ауруының таралуы.

ТЖ – төтенше жағдай

АЭС – атом электр станциясы

ІҚҚ – іздестіру – құтқару кұрамалары

ҚӘУЗ – қатты әсер ететін улы заттар

ТЖ ААБЖ – төтенше жағдайлардың автоматтандырылған ақпараттық –басқару жүйесі

РҚО – радиациядан қорғайтын орындар

МҚКК – мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ                                                                                                            6

НЕГІЗГІ БӨЛІМ                                                                                                7

  1. Төтенше жағдайлар және олардың көздері 7

1.1. Төтенше жағдай түрлері                                                                  7

1.2. Табиғатта кездесетін төтенше жағдайлар және олардың

көздері                                                                                              11

1.3. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар және олардың

көздері                                                                                              13

  • . Қазақстан Республикасының аумағында болған төтенше

жағдайлар деректері                                                                              14

  1. Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлардың алдын алу

және жоюдың мемлекеттік жүйесі                                                                         20

  1. Төтенше жағдайлардан халықты қорғаудың негізгі әдістері 26
  2. Төтенше жағдай зардаптары және жапа шеккен аймақтарда

авариялық – құтқару жүмыстарын жүргізу                                                32

  • Табиғи апаттар (жер сілкінісі, су тасқыны) кезінде құтқару

жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері                32

  • Техногенді апаттар (өндірістік авариялар, өрт, жарылыс)

кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу              33

 

ЖҰМЫСТЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ                                            35

ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ                     38

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                          44

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                                         45

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда халықты қорғау бойынша республикамызда жүргізілетін барлық шаралардың аса маңызды мақсаты болып табылады.

Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері мен өзге де объектілер орналасқан мұндағы авариялар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшыратуы мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери және шаруашылық органдары тарапынан халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді.

Негізгі қорлардың, өндірістік ғимараттар мен ғимараттардың, көліктегі жылжымалы құрам мен инфрақұрылымның тозуы және ескіруі, мұнай мен газ кен орындарын, өзге табиғи ресурстарды зерттеу мен игеру жеделдігі, көмір қышқыл шикізаты мен оның ұқсатылған өнімдерін тасымалдаудың үлкен көлемі техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың жағымсыз рөлінің өсуі үшін шынайы алғы шарт жасайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық ахуалдың күрт нашарлауы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен зілзалалар, індет пен жүқпалы аурулар ұлттық қауіпсіздікке қатер санатына жатқызылды.

Халық пен аумақты зілзалалар, авариялар мен апаттардан және олардан туындаған төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы мемлекеттік басқару төтенше жағдайларды ескерту мен жоюдың мемлекеттік жүйесінің шегінде жүзеге асырылады.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуы кезеңінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы маңызды заңдар, осы саладағы жекелеген мәселелерді реттейтін заңнамалық актілер, сондай – ақ, төтенше жағдайларды ескерту мен жою саласындағы қолданыстағы құқықтың осы уақыттағы бірыңғай жүйесін құрайтын өзге де нормативтік актілер қабылданды.

Төтенше жағдайларда халықты қорғау әдістерін, құтқару жұмыстарын дер кезінде ұйымдастыру зардап көлемін төмендетеді.

Жұмыстың мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізудің ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.

Жұмыстың міндеті:

  • төтенше жағдайлардың түрлері және олардың шығу көздерімен танысу;
  • Қазақстан аумағында болған төтенше жағдайлар деректерін талдау;
  • табиғи мен техногендік апаттар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктерін айқындау;
  • Алматы қаласы «Құтқару қызметі» жұмысын ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерімен танысу.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

  1. Төтенше жағдайлар және олардың көздері

 

1.1 Төтенше жағдай түрлері

Қауіптілік –  материяға (адамдарға, жануарлар мен өсімдік әлеміне, материалдық құндылықтарға) қауіп төндіретін немесе зиянды әсер ететін процесс, құбылыс, обьект, субьект Қауіптілік төтенше жағдайдың тууынан пайда болады.

Төтенше жағдай – белгілі бір аймақтарда күтпеген жағдайда пайда болатын табиғи апаттар мен адамдардың іс-әрекетінен туындайтын өндіріс авариялары, жұқпалы аурулардың таралуы т.б, нәтижесінде адам өміріне, денсаулығына қауып төнуі, қаза болуы, материялдық құндылықтардың, қоршаған ортаның бұзылуы.

Жыл сайын төтенше жағдайлар планетамыздағы 2,5 – 3 млн тұрғынның өмірін қиюда, одан болатын материалдық залалдар жылына 50 – 100 млрд долларды құрайды, бұл цифрлар тұрақты өсуде [3].

Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктеледі [4]:

пайда болу себебі бойынша;

ведомстволық қатыстылығы бойынша;

аумақтық таралуы бойынша.

Пайда болу себептеріне байланысты төтенше жағдайларды табиғи, техногендік, әлеуметтік, экологиялық деп жіктеуге болады (1-сурет).

 

 

Скачать 

 

 

 

 

Загрузка...