Сәкен Майғазиев: Үйленген жылдары жұбайым екеуміз дүңгіршекте нан сатқанбыз — Қазақстан жаңалықтары
Шоу-бизнес жұлдыздарының аста-төк өміріне ел қызығып қарайды. Алайда сахнада жүрген өнерпаздар бұл күнге бірден келе қойған жоқ. Араларында бір кездері арба итеріп, қара жұмыстың түр-түрін істегендері де баршылық. Мәселен, Сәкен Майғазиев алғаш отбасын құрған жылдары жұбайымен бірге нан сатқанын айтады.
Бұл туралы 7-арнаның «Гу-гу-лет» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Үйленген жылдары жұбайым екеуміз дүңгіршектерде нан саттық, сондай кездер болды. Оған ешқандай қысылмаймын. Бізде «ой ақшаң жоқ қой» деген әңгіме жалқаулардың әңгімесі. Арланбайтын себебім, ауылдан шыққан азаматтар, білім қуып та, нан сатып та, басқа да қара жұмыстар істеп, көтеріліп жатыр. Қаншама біздің өнерде жүрген бауырларымыз бар», — дейді Майғазиев.
Иә, Сәкеннің айтуынша, маңдай теріңмен тапқан нанның еш ұяттығы жоқ. Ол үшін, тіпті базарда арба айдасаң да, ұялмауың керек.
«Базарда арба итеріп, ақша табудан арланудың қажеті жоқ. Абай атамыз айтады ғой, «есектің тұяғын жуып мал тап» деп», — дейді Сәкен.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
stan.kz