Рано Омарова Денисті өлтірген жерде көлігінің айнасы ұрланғанын айтты

0

Қазақстандық әнші Рано Омарова автокөлік ұрыларының құрбанына айналды. 

Әнші оқиға жайлы Instagram парақшасында бөліскен. Ол қатты ашулы екенін жеткізген.

«Денис Тен көлігінің айнасы ұрлануына қатысты қайғылы жағдай жақында ғана болған сияқты еді. Тексерулер жүргізіліп, алдын алу шаралары жасалса да, айна ұрлау әлі жалғасуда. Мұны не үшін айтып отырсың дейсіздер ме? Өткен демалыстарда, тура сол жерде, сол көше қиылысында, 50 метр жер жетпей, менің көлігімнің айнасын алып кетті. Бәрін кесіп әкеткен, корпусын түгел. Екінші айнаны алып үлгермеген, себебі мен 20 минуттан кейін шықтым!», — дейді Рано.



Дереккөз: prosports.kz/kz