Сәкен Бибосынов отау құрды

0
2198

Еліміздің талантты боксшысы, бокстан Токио олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов отау құрды, деп хабарлайды kznews.kz сайты nege.kz порталына сілтеме жасап.

Түркістандық талантты боксшының таңдауы Назира есімді сұлуға түсіпті. Ол — Ордабасы ауданына қарасты Амакелді ауылының тумасы.

«Қалыңдығымды кеше ұзатып алып келдім. Алда той болады, соған дайындалып жатырмыз. Жұбайым спортшының жағдайын түсінетін жар болатындығына сенімдімін. Тілеулес ағаларымызға, ағайындарға рахмет айтамын»,-дейді Сәкен Бибосынов.